01 маусым 2021 | 10:30

Қазақстанда "кредиттік рақымшылықты" ұзарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Жақында "кредиттік рақымшылықты" пайдалана алатын қазақстандықтар қатары артады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдің әлеуметтік осал топтары үшін қарыздарды есептен шығару мерзімдері мен регламентін реттейтін қолданыстағы қаулыға өзгерістер ернгізу жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жақында "кредиттік рақымшылықты" пайдалана алатын қазақстандықтар қатары артады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдің әлеуметтік осал топтары үшін қарыздарды есептен шығару мерзімдері мен регламентін реттейтін қолданыстағы қаулыға өзгерістер ернгізу жобасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz басылымына сілтеме жасап.

Түсіндірме жазбадағы мәлімет бойынша, "әлеуметтік осал топтағы адамдар әртүрлі себепке байланысты қиын жағдайға тап болып, алған кредиттік міндеттемесін орындай алмай қалатын жағдай қалыптасады". Онда банкротқа ұшыраған қарыз алушының нақты саны және борыштарды есептен шығаруға болжанатын сомалар келтірілмейді.

"Қолданыстағы қаулыда көзделген мерзімдер аяқталғаннан кейін Жарлықтың қолданылу аясына жататын адамдар анықталды, алайда мемлекеттік орган ақпараттық жүйелерінде деректердің болмауы себебінен олардың берешегі өтелмеген", - делінген өзгерістер жобасында.

Осыған байланысты "Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Президент жарлығының қолданылу аясына жататын адамдарды толық қамту үшін жарлықты іске асыру мерзімін ұзарту ұсынылады. Мерзімдерді ұзарту отбасылардың қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, делінген құжатта.

Айта кетейік, жарлыққа сәйкес мемлекет біржолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз қарыз алушылардың бірқатар санатының берешегін өтеу жөнінде шаралар қабылдаған.

Қарыздар бойынша борышкерлер көп жағдайда балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалар, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектігі бар отбасылар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айрылған 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

Бұл шара қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша үш миллион теңгеден аспайтын адамдарға қолданылады. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақы берешегінің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 теңгеден аспайды. Алдын ала банктер өз тарапынан осындай қарыздар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығарады.

Бұған дейін 440 мыңнан аса қазақстандықтың қарызы есептен шығарылғаны хабарланған болатын. Реттеушінің мәліметі бойынша, сол кезде тұтыну қарыздары шамамен бес миллион адамда болды, бұл елдегі бүкіл халқтың 27 пайызы және оның экономикалық белсенді бөлігінің 55 пайызы (балаларды, зейнеткерлерді және басқаларды есептемегенде).

Басқаша айтқанда, қарыздар ішінара өтелді немесе әрбір оныншы қазақстандықтың қарызы есептен шығарылды. 2019 жылы "кредиттік рақымшылық" шеңберінде 125 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалды, мұны қаражатты тікелей екінші деңгейдегі банктерге аударған "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ-ның аудиторлық есебінен көруге болады. Сонымен қатар, "ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту бағдарламасы шеңберіндегі түсімдер" 115 миллиард теңгеден аз болды, олар республикалық бюджеттен келді. Қазақстандықтардың борыштық жүктемесінің деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін қор 10 миллиард теңгеге шығындалды, бұл жеке қаржылық есепте көрсетілген.

"ПКҚ" АҚ-ның 2019 жылғы аудиторлық есебінің скриншоты

Дереккөз: ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық есептілік депозитарийі, 2021 жыл

Қаулы жобасын жария талқылау 31 мамырдан 14 маусымға дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети