Бүгін Үкімет отырысында цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы криптонарықты реформалау жоспарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрдің баяндамасы бойынша, Қазақстанда тек "майнерлерді қолдау" емес, бүкіл индустрияны қайта іске қосу көзделіп отыр, криптовалюталарды заңдастырудан бастап CryptoCity салуға дейін.
Заңдарда не өзгереді?
Мәдиевтің айтуынша, ережелерді түбегейлі өзгертетін түзетулер пакеті дайындалған:
- елде криптовалютаны шығару мен айналымды заңдастыру;
- Қазақстан аумағында криптобиржаларды лицензиялау;
- өндірілген активтерді міндетті түрде Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы сатуды жою;
- "70/30" бағдарламасы — индустрия есебінен электр станцияларын жаңғырту.
Қандай жобалар іске қосылады?
- CryptoCity — болашақтың цифрлық қаласы;
- Мемлекеттік майнинг;
- Ұлттық криптоқор;
- Теңгеге байланған стейблкоин;
- Жылжымайтын мүлік пен шикізаттан бастап нақты активтерді токенизациялау.
Бұл не үшін қажет?
Мәдиевтің айтуынша, мұндай қадамдар Қазақстанды криптоэкономиканың өңірлік орталығына айналдырып, миллиардтаған инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік цифрлық активтер қорын құру туралы мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!