Қазақстанда құдайы ас мәзірі бекітілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© muftyat.kz © muftyat.kz

Ақтөбе облысына ортақ құдайы ас мәзірі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысына ортақ құдайы ас мәзірі бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәзір кеше, 13 сәуірде Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің ұйымдастыруымен "Салт-дәстүр және діни рәсімдер" атты ғылыми-танымдық конференциясында бекітілген. Соған сәйкес құдайы ас дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (немесе күріш) қою ұсынылды.

Конференцияда ҚМДБ-ның "Шариғат және Пәтуа" бөлімінің меңгеруші орынбасары Шоқанов Сансызбай, Атырау облысының өкіл имамы Мансұров Батыржан қажы, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Айталы Амангелді, Ақтөбе облысының өкіл имамы Оспан Төлеби, Хромтау аудандық "Нұр" мешітінің Бас имамы Әли Алмат, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетiнің президенті, ф.ғ.д. профессор Ахан Бекежан қажы, Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Низамутдинов Әлізақ баяндама жасады.

Конференцияда діни рәсімдердің орындалуын бірізділендіру, аталған рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған "Жаназа һәм жерлеу рәсімдері" пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro