Жоғарғы Сот жаңа қадағалау жүйесін қолдануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы Сот жаңа қадағалау жүйесін қолдануды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Статистика бойынша Қазақстанда жыл сайын 11 мыңға жуық адам сотқа дейін қамауға алынады. Тергеу органдарының ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша күдіктілерді қамауда ұстауға санкция беру туралы өтініштерінің саны 30 пайызға өскен.
"Күдіктіні немесе айыпталушыны бақылаудың тиімді әдістерінің бірі – бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын электронды бақылау жүйесі (электронды білезіктер). Бұл күдіктінің тергеу мен соттан жасырынып, қылмыстық әрекеттермен айналысуын жалғастырады деген алаңдаушылықты болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық қудалау орбитасына қатысатын адамдар үшін салыстырмалы түрде арзан және адамгершілікті нұсқа", - делінген хабарламада.
Тергелетіндерге электрондық мониторинг жүйелерін қолдану және оларға қызмет көрсету мемлекет үшін оларды тергеу изоляторында ұстауға қарағанда арзанырақ. Сонымен қатар, бұл адамдар өмір салтын сақтап, әлеуметтік байланыстарды қолдай отырып, жұмысын жалғастыра алатыны айтылды.
Білезіктерді қолдану алгоритмі жасалған. Жоғарғы Сот оң тәжірибені республикалық деңгейде таратуды жоспарлап отыр. Бұл қамауға алынғандар санын азайтатыны айтылды.
"Қабылданып жатқан шаралар ел Президентінің қылмыстық процесте жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы тапсырмаларына толық сәйкес келеді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!