19 мамыр 2017 | 18:56

Қазақстанда құжат жинаудағы делдалдықпен қатаң күресетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© avtozakony.ru © avtozakony.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көмек ұсынатын делдалдармен күресудің жаңа жолдарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көмек ұсынатын делдалдармен күресудің жаңа жолдарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Әділбек Мұқашевтің сөзінше, мемлекеттік қызмет нарығының сараптамасы көптеген заңбұзушылықтар барын көрсеткен. 

"Сараптама қорытындысы ішкі істер органдары тарапынан кемшіліктер барын көрсетті. Көші-қон саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қосымша құжаттар заңсыз сұралады, қызмет көрсету мерзімі сақталмайды, қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту деректері де тіркелген", - дейді Әділбек Мұқашев журналистерге. 

Сонымен бірге, сараптама қорытындысы "көмекшілердің", былайша айтқанда мемлекеттік қызмет жылдам атқарылу үшін заңсыз делдалдардың жұмыс істейтінін көрсеткен. 

"Анықтамалар алуға көмектескен адамдарға қатысты. Бұл адамдар мемлекеттік қызметте емес, дегенмен, мемлекеттік қызметте болса да мұнымен күресу керек. Олар белгілі бір соммаға құжаттарды жинап, өздері тапсырады", - дейді Мұқашев. 

Мұқашевтің сөзінше, делдалдар арқылы жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді жазға тарту қатаңдатылады. Алайда делдалдардың өзін заң жүзінде жауапқа тарту мүмкін емес екен. 

"Мұндай қызметкерлердің жауапкершілігін қатаңдатамыз. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде делдалдар емес, құжат алушының өзі келу керек", - дейді ол. 

Бұл мәселені мемлекеттік қызмет көрсетуді өзге ведомствоға беру арқылы шешуге болады. 

"Делдалдықтың жолын кесу мақсатында біз көші-қон полициясы көрсететін қызметті "Азаматтарға арналған үкіметке" , яғни, ХҚКО-ларға тапсыруды ұсындық. Сол кезде мұндай болмайды", - деп түсіндірді Әділбек Мұқашев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети