Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қызметкерлердің қызметін бағалау, разрядтар берушарттары мен ережелерінің қағидаларын" және "Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидаларын" бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" №211 жарлықта айтылған. Осы жарлықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізілетіні хабарланды.
"Қағидаға" сәйкес, қызметкерлердің қызметін бағалауды олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін қызметкердің тікелей басшысы жүргізеді. Қызметкерлердің қызметін бағалау жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің жетістіктерін және жұмыс стандарттарының сақталуын айқындау арқылы жүзеге асырылады. Барлығы үш шкала бар: "тиімділігі жоғары", "тиімді", "тиімділігі төмен". Бірінші жағдайда қызметкер жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде алға қойылған жұмыс көлемінен ұдайы асыра жұмыс істейді.
Ал "тиімді" - қызметкер жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде алға қойылған жұмыс көлемін орындайды. Үшінші жағдайды қызметкер жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде алға қойылған жұмыс көлемін орындай алмайды.
Ал "Тәртіптік теріс қылықтардың ауырлығын бағалау жүйесі және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру (тәртіптік тәжірибеде профилактикалық функцияларды күшейту) қағидалары" өз кезегінде жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығын айқындау үшін өлшемшарттарды белгілейді және тәртіптік жауаптылықты қалыптастыру тәртібін реттейді.