Қазақстанда құмар ойын ойнаған мемқызметкерлерге айыппұл салына ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құмар ойын ойнаған мемқызметкерлерге айыппұл салына ма? Фото:depositphotos.com

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілер құмар ойын мәселелері бойынша заңды бұзғаны үшін қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев мемлекеттік қызметкерлер мен әскери қызметшілер құмар ойын мәселелері бойынша заңды бұзғаны үшін қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр шенеуніктер мен азаматтардың басқа санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу туралы норма, Сенат 27 маусымда мақұлдаған заңға енгізілгенін растады.

Тәртіп бұзушылар қалай жазаланады деген сұраққа ол былай жауап берді: жеңіл санкция болмайды.

"Егер мемлекеттік қызметші немесе әскери қызметші құмар ойынға қатысса немесе букмекерлік кеңсеге бәс тіксе, онда бұл жағдайда ол теріс себептермен атқаратын лауазымынан босатылады. Айыппұл санкциялары қарастырылмаған, мемлекеттік қызметшіге қатысты мұндай санкция жоқ", - деді Мирас Төлебаев.

Еске салайық, құмар ойындар, лотерея және лотерея қызметі туралы заңда азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға тыйым салу енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети