Қазақстанда күн күрт суытады

Қазақстанда күн күрт суытады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күн тағы да суытады

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды.

Жарнама
Жарнама

"Жоғары жылдамдықпен қозғалып, суық ауа массаларымен толыққан бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік, кейін шығыс өңірлерінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі", - деді метеорологтар.

22 мамырда Қазақстанның солтүстік облыстарында, 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерінде түнде термометр бағаны 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, ал кейбір аудандарда 3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа небәрі 10-15 градусқа дейін ғана жылынады.

Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, аптап кезеңдермен қатар өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама