Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы жаз мезгіліне консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Маусым: +45 градус аптап, күннің күркіреуі, үсік

Маусымда Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Шығыс пен солтүстік-батыс өңірлерде көрсеткіштер көпжылдық орташа мәндерге жақын сақталады.

Күндізгі температура +15…+20-дан +30…+38 градусқа дейін ауытқиды. Оңтүстік аудандарда кей күндері ауа температурасы +40…+45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Күн суытқан кездері нөсер жаңбыр, күн күркіреуі, бұршақ және екпінді жел соғады деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста және таулы аймақтарда түнде үсік жүруі ықтимал.

Шілде: қалыпты ыстық және жауын-шашын

Шілде айы қалыпты ыстық болады деп күтіледі. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа температура климаттық нормаға сәйкес келеді (норма: ҚР басым бөлігінде +18...+24 градус, елдің оңтүстік жартысында +25...+30 градус, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында +9...+17 градус).

Оңтүстік өңірлерде жоғары температуралық фон сақталады, ал шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында көрсеткіштер айтарлықтай төмен болады. Жауын-шашын жер бедерінің аймақтық ерекшеліктері мен ауа массаларының циркуляциясын ескере отырып, біркелкі таралмайды.

Тамыз: көптеген өңірде аптап күшейеді

Тамызда еліміздің едәуір бөлігінде ауа температурасы нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Оңтүстік-шығыста көрсеткіштер көпжылдық орташа мәнге жақын болады.

Қазақстанның басым бөлігінде, әсіресе орталық және батыс өңірлерде аптап кезеңдер сақталады.

Жауын-шашын: Қазақстанның қай жерлерінде құрғақшылық күтіледі

Жалпы алғанда, жаз айларында жауын-шашын мөлшері қалыпты болады, алайда бірқатар өңірде ол нормадан аз болады.

Маусымда оңтүстік-батыста, ішінара елдің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын тапшылығы күтіледі. Шілдеде батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста құрғақшылық болуы ықтимал. Тамызда оңтүстік-батыста, орталықта және шығыстың кейбір аудандарында жауын-шашын әдеттегіден аз болады деп болжанған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 40 градус аптап болады

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +35
Ақтау +30
Ақтөбе +32
Атырау +36
Б
Балқаш +38
Ж
Жезқазған +35
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +38
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +35
С
Семей +32
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +32
О
Орал +33
Ө
Өскемен +39
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер