Қазақстанда 40 градус аптап болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 40 градус аптап болады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 16, 17 және 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері 16, 17 және 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанда ауа райы бұзылады

Таяу күндері Қазақстандағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады, мұнда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі, 18 мамырда елдің батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі.

"16-17 мамырға қараған түні елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі", - делінген хабарламада.

Температура көрсеткіштері

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.

Күндізгі ауа температурасы мынадай:

  • елдің батысында 30-37-ден 25-30 градус жылыға дейін төмендейді;
  • солтүстік-батыста 25-30 градус жылы;
  • елдің солтүстігінде 20-30-дан 15-20 градус жылыға дейін төмендейді;
  • елдің орталығында 25-30-дан 29-34 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • шығыста 12-20 градус жылы;
  • елдің оңтүстігінде 30-35-тен 33-40 градус жылыға дейін жоғарылайды;
  • оңтүстік-шығыста 18-25-тен 25-32 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер