“Неге өзіңізге ұқсамайсыз?“ Қазақстандықтарға қандай жағдайда құжат ауыстыру қажет екені түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Неге өзіңізге ұқсамайсыз?“ Қазақстандықтарға қандай жағдайда құжат ауыстыру қажет екені түсіндірілді

Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өту кезінде шекара бекетінің қызметкерлері жеке куәлік расында өзіне тиесілі екеніне күмән келтіргенін айтты. Оның сөзінше, бірнеше жыл ішінде сырт келбеті айтарлықтай өзгерген. Tengri Life тілшісі арықтағаннан, пластикалық отадан немесе сыртқы келбеттегі басқа да елеулі өзгерістерден кейін құжат ауыстыру қажет пе екенін анықтады.


Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өту кезінде шекара бекетінің қызметкерлері жеке куәлік расында өзіне тиесілі екеніне күмән келтіргенін айтты. Оның сөзінше, бірнеше жыл ішінде сырт келбеті айтарлықтай өзгерген. Tengri Life тілшісі арықтағаннан, пластикалық отадан немесе сыртқы келбеттегі басқа да елеулі өзгерістерден кейін құжат ауыстыру қажет пе екенін анықтады.

"Неге өзіңізге ұқсамайсыз?"

Бейнежазбаны Анар есімді қазақстандық жариялады. Ол жеке куәлігін үш жыл бұрын ауыстырғанын айтты. Осы уақыт ішінде арықтап, шашын қысқа етіп қиған. Оның айтуынша, дәл осы өзгерістер шекара қызметкерлерінің сұрақтарына себеп болған.

"Бекетте мені танымады. Онда үш жыл бұрынғы суретім тұр. Қазір шашымды да қысқа етіп қиып алдым, содан маған: "Неге өзіңізге ұқсамайсыз?" – деп сұрады. Мен: "Өйткені боянбадым", – дедім. Сонда қызметкер: "Арықтап та кеткенсіз", – деді. Кейін аға қызметкерді, одан соң бір әйелді шақырды. Мен оған жай боянбағанымды түсіндірдім. Содан кейін ол басқа құжатымды көрсетуді сұрады. Мен жүргізуші куәлігімді көрсеттім, бірақ ондағы суретте өзіме одан да аз ұқсаймын", – деді қыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от anara (@anararave)

Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көптеген қолданушы сырт келбеті уақыт өте қатты өзгерсе, құжат ауыстыру қажет пе деген сұрақ өздерін де мазалағанын айтты.

Жеке куәлікті міндетті түрде ауыстыру керек пе?

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін тілші Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

ІІМ баспасөз қызметі заңнама азаматтарды тек сырт келбетінің өзгеруіне байланысты жеке куәлігін немесе паспортын ауыстыруға міндеттемейтінін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, салмақтың өзгеруі, жасқа байланысты өзгерістер, жарақаттың, аурудың немесе хирургиялық араласудың салдары құжатты міндетті түрде ауыстыруға негіз болып саналмайды.

Бжұл ретте ІІМ құжат оның иесін сәйкестендіруге мүмкіндік беруі тиіс екенін атап өтті.

"Сырт келбет едәуір өзгерген жағдайда азамат белгіленген тәртіппен құжатын ауыстыру үшін өтініш бере алады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қандай жағдайда сұрақ туындауы мүмкін?

Сондай-ақ ведомство заңнамада сурет иесінің сырт келбетіне сәйкес келмейтінін анықтайтын нақты өлшемдер белгіленбегенін айтты.

Мұндай әрбір жағдай жеке қаралады.

"Құжат оны ұсынған адамға тиесілі екеніне күмән туындаған жағдайда уәкілетті қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына және қолданыстағы ақпараттық жүйелерге сәйкес тексеру жүргізеді", – деп түсіндірді ІІМ.

Пластикалық операция немесе қатты арықтағаннан кейін не істеу керек?

Министрлік пластикалық операция немесе сырт келбеттің басқа да өзгерістерінен кейін құжатты міндетті түрде ауыстыру заңнамада көзделмегенін атап өтті.

Алайда азаматтарды сәйкестендіру рәсімінен өту кезінде қиындықтардың алдын алу үшін, егер сырт келбет қатты өзгеріп, сурет арқылы құжат иесін анықтау мүмкін болмаса, жеке куәлік немесе паспортты ауыстыру ұсынылады.

Сондай-ақ ІІМ мемлекеттік шекарадан өтуге қатысты мәселелер Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің құзыретіне жататынын нақтылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда паспорттың жаңа дизайны әзірленіп жатыр: ескісін ауыстырудың қажеті жоқ

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!