29 наурыз 2021 12:47

Қазақстанда күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда күн суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, Мәскеуден келген антициклон Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді, сондай-ақ жауын-шашын тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Фронтал бөліктер әсерінен еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді", - деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты. Қолайсыз ауа райы елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында аптаның соңына дейін сақталады.

Сонымен қатар, 29 наурыз күні таңертең қалада жаңбыр, қар жауды.

30 наурызда түнде Алматыда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды.

"Күндіз жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+ 2, күндіз + 5...+7 градус болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Айта кетейік, 28 наурызда Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін екені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети