Қазақстанда күн суытады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда күн суытады Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 27, 28 және 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңбыр және қар

Қазақстанның солтүстік бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен жаңбыр, кей жерлерде нөсер күтіледі, 28–29 қыркүйекте жаңбыр қарға ауысуы ықтимал. Елдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік циклон әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.

Бүкіл ел аумағында күн суытады

28 қыркүйектен бастап солтүстік аймақтарға суық антициклон кіргеннен кейін, ол оңтүстікке жылжиды. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

Температуралық фон төмендегідей болады:

  • елдің батысында: түнде +3…+8, күндіз біртіндеп +10…+18-ден +13…+22 градусқа дейін жылы;
  • оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-тен +7…+12 градусқа дейін төмендеп, күндіз +13…+18-ден +18…+23 градусқа дейін жылы болады;
  • солтүстік-батыс пен солтүстікте: түнде +3…+13-тен -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +10…+15-тен +3…+10 градусқа дейін жылы болады;
  • Павлодар облысында, елдің орталығында: түнде +5…+15-тен +2…+7 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+28-ден +7…+18-ге дейін жылы;
  • шығыста: түнде +2…+10-нан +7…+15 градусқа дейін ауытқып, күндіз +25…+30-дан +20…+25-ке дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 градус жылы;
  • оңтүстікте: түнде +9…+18-ден +5…+13 градусқа дейін төмендеп, күндіз +22…+32-ден +15…+28-ге дейін жылы;
  • оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15, таулы аймақтарда +0…+5 градус, күндіз +23…+30, таулы өңірлерде +15…+20 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети