Қазақстанда күнбағыс майы арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады depositphotos.com

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда күнбағыс майы арзандады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom деректеріне сілтеме жасап.

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Екінші және үшінші орындарда Абай мен Ақмола облыстары тұр.

Тазартылмаған өсімдік майын өндіру 15,9 пайызға, 156,8 мың тоннаға, тазартылған – 4 пайызға, 37,6 мың тоннаға дейін өскен.

"Биылғы наурыздың қорытындысы бойынша, ҚР-да өсімдік майының бөлшек сауда бағасы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,5 пайызға төмендеді. Бұл жағдайда күнбағыс майы 24,6 пайызға төмендеді, ал зәйтүн майы, керісінше, 18,7 пайызға қымбаттады. Өңірлік бөліністе өсімдік майы Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында болмашы арзандағаны тіркелді. Қызылорда облысында айтарлықтай арзандаған", - деп хабарлайды Energyprom.

Тазартылмаған май шығарудың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында шоғырланған. Тазартылған май өндірісі бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Шымкент және Алматы көш бастап тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети