27 ақпан 2024 10:11

Қазақстанда құны 1 миллиард теңгеден асатын тендерлер күші жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заңбұзушылықтардың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.


Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу конкурстары кезінде заңбұзушылықтардың алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдықорған прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған.

"Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған", - делінген хабарламада.

Прокуратура шараларымен заңбұзушылықтарды дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз еткені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети