Қазақстанда құны 1,6 миллиард теңге болатын орман учаскесі мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құны 1,6 миллиард теңге болатын орман учаскесі мемлекетке қайтарылды © Тұрар Қазанғапов/көрнекі сурет

Мемлекетке құны 1,6 миллиард теңге тұратын орман қорының учаскесі қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекетке құны 1,6 миллиард теңге тұратын орман қорының учаскесі қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ақкөл ауданының прокуратурасымен жалпы ауданы 264 гектар сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қорының учаскесі қайтарылды.

"Учаске 2018 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған, жалдау ақысы төленбеген. Сонымен қатар, орман өрттері қаупінің жоғары дәрежесіне қарамастан, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген", - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған мән-жайлар аудан прокуратурасының актісі бойынша уәкілетті органмен сотқа жүгінуге негіз болғаны айтылды.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 миллиард теңге болатын учаске мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети