Қазақстанда құрастырылған көліктер жыл соңына қарай қымбаттай ма? Бұл сұраққа және автомобиль нарығындағы жағдайға "Қазавтобизнес" ассоциациясының президенті, "Аллюр Авто" бас директоры Андрей Лаврентьев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде баға өзгерген жоқ, олай болжамаймын. Сарапшы ретінде теңге бағамы өзгереді деп ойламаймын. Кейбір компаниялар жаңа модельдердің құнын қымбаттататын шығар, бірақ бұл теңге бағамының 30-35 пайыздық құны бойынша көтерілмейді. Егер республикаға кіргізілген жаңа модельдер қымбаттаса олардың шегі 5-6 пайыз көлемінде болады. Сарапшы ретінде бар айта алатынымыз осы", - деп мәлімдеді Андрей Лавреньтев 2015 жылдың соңына қарай болжам жасап.
Лаврентьев ассоциацияның республика бойынша күнделікті бақылау жүргізіп жатқанын және автомобильдердің бағасын бақылап отырғанын, жыл соңына дейін көліктердің қымбаттамайтынын айтты.
"Симас, "Агромашхолдинг", "Сарырақаавтопром" SsangYong, Peugeot, Geely және JAC бөліктерінде баға көтерілмейді", - деп сендірді "Қазавтобизнес" ассоциациясының басшысы. Алайда ол "Азиаавто" компаниясының көліктерінің баға саясаты жөнінде пікір айта алмайтынын айтты.
"Жалпы алғанда "Камазинжиниринг" өндірушісі рубль бағамына байланған, сондықтан теңгенің еркін ауытқу бағамына тәуелді емес. Осылайша "Камазинжиниринг" өз автомобильдерінің құнын теңге бағамына қатысты өзгертуге себеп көріп отырмағанын айтты", - деді Андрей Лавреньтев.