18 қыркүйек 2020 | 09:08

Қазақстанда құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"Құс тұмауы қоздырғышын республиканың басқа өңірлеріне тарап кету қаупін болдырмау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының РФ шекаралас аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір ауданында вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 км радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жеке аулаларда үй құстарын вакцинациялау көзделген", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салайық, елімізде кешеден бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети