Қазақстан әуе компаниялары қатаңдатылған карантин уақытында іске қосылған барлық авиарейсті сақтап қалады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес ішкі рейстер толықтай сақталады. Бүгінгі таңда біз ішкі рейстер бойынша 45 бағытта жұмыс істейміз, аптасына 500 рейс, күніне 71 рейс. Олардың барлығы сақталып, кесте бойынша жұмыс істейді", - деді Ластаев ОҚК-де өткен брифингінде.
Халықаралық бағыттар бойынша, Ластаев екі бағытта - Түркия мен Оңтүстік Кореяға рейстер бар екенін айтты. Бірақ бүгіннен бастап Қазақстан азаматтары үшін Түркияға кіру шектелгенін мәлімдеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!