Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
Қазақстанда Қытайдың 248 азаматы карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
Оның айтуынша, 6 қаңтар - 1 наурыз аралығында Қазақстанға Қытайдан 32 456 адам келген.
"Келгендерде вирус деңгейі жоғары. Олар 1 "а" категориясына жататындар, яғни ҚХР мен Иран елдерінен келгендер. 2020 жылдың 20 ақпан - 4 наурыз аралығында Қытайдан келген барлығы 315 адам оқшауланды. Олардың 64-і - Қазақстан азаматтары. 251 шетелдік бар, олардың 248-і - Қытай азаматтары. Ираннан 24 адам келді. Олардың 9-ы - қазақстандық, 15-і - Ираннан келгендер", - деді Диас Ахметшәріп Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Ахметшәріптің айтуынша, 63 адам коронавирусқа тексерілген, бірақ оларда вирус анықталмаған.
Айта кетейік, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын. "Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!