Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді - депутаттар түзету жұмыстарын бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді - депутаттар түзету жұмыстарын бастады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер бойынша жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер бойынша жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, заң жобасы Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

"Заң жобасы 2027 жылға қарай медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруды және мемлекеттік міндетті тегін медициналық көмекті екі есеге, 57-ден 32 пайызға дейін қысқартуды, сондай-ақ, МӘМС-ті 68 пайызға дейін ұлғайтуды көздейді", - деді Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін МӘМС жүйесіне жарна төлеудегі табыстың жоғарғы шегін ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен 50 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

"Жұмыссыздарға, әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыс және шұғыл деңгейлеріне жататын адамдарға МӘМС жарналары жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді", - деп толықтырды депутат.

Биыл қаңтарда денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жарналарын қайта қарау туралы пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети