Қазақстанда мектеп бітірушілер кеші өтетін мезгіл белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мектеп бітірушілер кеші өтетін мезгіл белгілі болды

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы 3,7 миллион оқушы мектеп бітіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы 3,7 миллион оқушы мектеп бітіретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 миллион астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты - 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек "Алтын белгіге" үміткер", - деді министр Үкімет отырысында.

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда - Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған.

"Аттестаттарды салтанатты табыстау биыл 20-22 маусым аралығында өтеді", - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ, қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен емтихан 5-19 маусым аралығында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети