19 қазан 2016 14:36

Қазақстанда мектептерде ақша жинаған мұғалімдер жұмыстан шығарылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қазақстандық ата-аналардың мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қазақстандық ата-аналардың мектептерде ақша жинау мәселесіне қатысты наразылығына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министр ҚР БҒМ өкілдерінің бұйрығына сәйкес, мектептерде ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды. 

"Біз саясатымызды барынша қатаң түрде жүргізіп жатырмыз: мектептерде ақша жинауға жол жоқ. Бірақ ереже бұзушылықтар кездеседі. Біз жергілікті атқару органдарындағыларға ақша жинау деректері бойынша қатаң шараларды қолданып жатқанымызды айтамыз. Барлығы бақылауда. Және де біз ата-аналар сияқты мектептерде ақша жинауға үзілді-кесілді қарсымыз", - деді ҚР БҒМ вице-министрі.

Еске салайық, осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мектептердегі ақша жинау мәселесінің бақылауда екенін айтқан болатын. "Әріптестер, ақша жинау мәселесі бойынша комиссия өз жұмысын бастады. Ақша жинау деректерінің барлығы зерттелетін болады, сәйкесінше шаралар да қолданылады. Бұл мәселе түбегейлі шешілетін болады. Комиссия атқарған жұмыстың қорытындысы бойынша мен сіздермен кездесіп, тағы да осы мәселені талқылауға дайынмын. Әр мектепке баратын боламыз!", - деп жазды Исекешев әлеуметтік желіде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети