Мемлекеттік қызметкерлердің төлем жүйесі олардың еңбекақыларын 50 пайызға өсіруі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаримова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекеттік қызметкерлердің төлем жүйесі олардың еңбекақыларын 50 пайызға өсіруі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаримова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі кезде екі негізгі бөлімнен тұратын жаңа төлем жүйесі енгізіліп жатыр: дағдылы және ауыспалы.
"Негізгігісі - қызмет бойынша. Яғни қызмет деңгейі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға қандай үлес қосатындығына байланысты болады. Егер бұрын еңбек өтілі мен категориясы ескерілетін болса, жаңа жүйе бойынша қызметкер қандай үлес қосып жатқанына және қалай қызмет ететіндігін ескереді", - дейді Шаримова үкіметтегі брифинг барысында.
Сонымен бірге, жаңа жүйенің екінші бөлігі қосымша ақы төлеу тұсын қарастырады.
"Қосымша ақы төлеу қызметкердің ісін тоқсан сайынғы бағалауға байланысты болады. Оның жылдық еңбегінің нәтижесі қосымша ақы төлеуге әсер етеді", - дейді ол.
Қосымша төлемді нәтиже көрсететін үздік қызметкерлер ғана алатын болады.
"Бағалау бойынша қызметкерлердің төрт категориясы болады. "Үздік", "нәтижелі", "қанағаттандырарлық" және "нәтижелі емес". Қосымша төлемді тек "үздік" және "нәтижелілер" алатын болады", - дейді Шаримова.
Қазір бұл жүйе талықланып жатыр және оның пробациясы келесі жылы үш органның үлгісінде жүргізілетін болады.
"Келесі жылы пилоттық түрде енгіземіз. Барлық кемшілігі мен артықшылығын көрген соң ғана Қазақстан бойынша енгіземіз. Алдын ала өлшем бойынша еңбекақы 50 пайызға өседі. Бұл алдын ала болжам ғана, дәл солай болады деп айта алмаймын", - дейді Шаримова.