06 қазан 2016 | 13:01

Қазақстанда мемлекеттік арналарда жарнамаға тыйым салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Мемлекеттік арналарда жарнамаға тыйым салу керек, бұл туралы Қазақстан медиасаммитінде "КТК" телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік арналарда жарнамаға тыйым салу керек, бұл туралы Қазақстан медиасаммитінде "КТК" телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен былтыр көтерген заңнамалық бастаманы еске салғым келеді. Нақты айтқанда шетелдік арналардағы жарнама туралы. Бұл не үшін істелді? Өйткені шетелдік арналар біздің медиа саламыздың дамуына бір тиын да қоспайды, ал біздің нарықтан үлкен табыс көреді (...). Енді мемлекеттік және жекеменшік арналар жайында. Мемлекеттік арналар бюджеттен қаржыландырылады, ал мемлекеттік бюджет сіз бен біздің салықтарымыз", - деп атап өтті ол. Оның айтуынша, мемлекеттік арналар жекеменшік арналар төлейтін салық есебінен де қаржыландырылады.

Өз кезегінде "Хабар" Агенттігі АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев мемлекет бөлетін қаржы бір ғана арнаға емес, 7 мемлекеттік және 13 аймақтық арналарға таратылатынын түсіндірді. "Оның үстіне, "Қазақстан" және "Хабар" арналары кейінгі уақытта біздің жобаларды даярлауға аутсорсинг компанияларын тарту арқылы жекеменшік медианарықты белсенді дамытып жатыр (...). Мен бұл ұсынысты қолдамаймын, өйткені жарнамадан түсетін қаржыны заманауи техника сатып алуға және өзге де техникалық қажеттіліктерге жұмсаймыз", - деп түсіндірді ол.

"31 арна" директоры Бағдат Қожахметов те мемлекеттік арналарда жарнама таратуға қарсы шығып отыр, алайда ол мемлекеттік арналардың шетелдік контентті сатып алуын тоқтату керек дейді. 

Сонымен қатар, Кертаев "Қазақ ТВ" арнасының 15 қазаннан бастап әлемде қазақ және ағылшын тілдерінде, ал ел ішінде орысша және мемлекеттік тілде хабар тарататынын хабарлады. "Айта кетейік, "Хабарда" шетелдік материал сатып алып жатқан жағдайлар бар. Алайда әріптестерімізге қарағанда біз түрік сериалдарымен шектеліп отырмыз, себебі менталитеті ұқсас. Біз үнді сериалдарын көрсету арқылы бұдан да көп табыс таба алар едік, бірақ бізге контентіміз және құндылықтарымыз маңыздырақ", - деп атап өтті спикер. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети