"Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясында енді білікті қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтауға көңіл бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жаңа экономикалық жағдайда "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасының назары білікті қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтауға, жұмыстан босатылатын тұлғаларды жұмыспен қамтуға көмектесуге және осы санаттағы азаматтар үшін кәсіби білім ұйымдастыруға аударылады", - деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен қатар, ведомство басшысы 2016 жылдың 15 ақпанында жергілікті атқарушы органдар өңірлік кешенді жоспарларды әзірлеп, бекітетінін, онда жұмыстан босатылған азаматтардың, сонымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету қарастырылғанын мәлімдеді. Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл шара 300 мың адамды қамтиды.