21 мамыр 2015 | 11:47

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қақтығыс кезіндегі тәртібінің стандарттары анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қақтығыс кезіндегі әдебінің стандарттары анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астана экономикалық форумының дискуссия алаңында мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің қақтығыс кезіндегі әдебінің стандарттары анықталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астана экономикалық форумының дискуссия алаңында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қоғамдық бақылау туралы және ақпаратқа қолжетімділік туралы заң жобалары жасалады. Осы аспектіде мемлекеттік қызмет туралы және ұлттық тәртіп кодексі туралы жаңа заңның дайындығы аса маңызды. Заң кешенді түрде әкімшілік және құқық қорғау қызметіне алынуды және өтуді реттеп отырады", - деді Қожамжаров.

Оның айтуынша, заңның жалпы бөліміне негізгі талаптар кіреді және бәрінен бұрын конкурстық іріктеу мен меритократия ұстанымдарын енгізу бойынша механизмдердің міндетті болуы енгізіледі. Ерекше бөлімінде белгілі бір саланың өзгешелігін көрсететін нормалар болады.

"Тәртіп кодексінде мемлекеттік қызметкерлерге қандай әрекет жасауына болатыны және қандай әрекетіне тыйым салынатыны жазылады. Кодекс мемлекеттік қызметтің құндылығын анықтайды, тәртіп стандарттарын белгілейді, соның ішінде қақтығыс жағдайлары да бар. Тәртіп нормаларын сақтауға бірінші рет тәртіп бойынша құзырлы институттың енгізуі бойынша жүйе қарастырылады, мемлекеттік органдардың жетекшілеріне антикоррупциялық климатты бақылауға алуға жекелей жауапкершілік артылады", - деді антикоррупциялық ведомствоның басшысы.

"Біз тәртіп, меритократия және есеп беруге тиісті, жемқорлыққа қатысты таза, Қазақстанның әділетті қоғамының үлгісі болуға шақыратын мемлекеттік қызметті құруға ниеттіміз", -деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бірінші кезекте акцент кадрларды іріктеу және бағалау механизмінің жақсаруына қойылады, кадрлық шешімдерді қабылдау кезінде патронажды қарым-қатынастарды жоюға мән беріледі. "Ал негізгі акцент Мемлекет басшысының конкурстық іріктеу туралы және біздің агенттіктің осы процесстердегі ролін күшейту бойынша тапсырмасын жүзеге асыруға қойылады. Көзге түскен үміткерлерді қызметке алуға ерекше жағдайлар қарастырылады, біз оларды дарын пулдары деп атаймыз. Олар кадр резервіне таңдалады, олар жаңа ұрпақтың басқарушы корпусының құрылуының негізгі қайнары болады, оларды жаңашыл класс деп атайды", - деді антикоррупциялық ведомствоның басшысы.

"Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа ұрпағына патриотизм, кәсіби құзыр, тәртіп және нәтижеге бағдарлану сияқты қасиеттер басты талап болады. Сондықтан қызмет етушілердің бәсекеге қабілеттілігі еңбекақыны әрбір адамның жеке еңбегін бағалауды есепке алатын жаңа жүйені енгізу жолымен мүмкін болады. Жаңаша құрылған мемлекеттік аппарат стратегиялық тапсырмалар үшін тиімді шешім болатын инновациялық идеяларды әрқашан шығарып отыруға бағытталады. Құнды жұмыс тәжірибесі бар шетел менеджерлерін және жеке сектордағы мамандарды тартуға заңнамалық механизмдер жасалады. Құзырлы кадрларды дамыту үшін біз кәсіби білім алуға ерекше жағдай жасап отырамыз", - деді Қожамжаров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети