Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда өткен "100 нақты қадам - Ұлттық реформалар жоспары" мәслихатында мәлімдеді.
Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55 пайызын әйелдер құрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматыда өткен "100 нақты қадам - Ұлттық реформалар жоспары" мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жұмыстың сапасы болып табылмайды. "Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсеткіш анализі әйелдердің мансап сатысымен жоғарылауының тең жүрмейтінін көрсетті. Саяси қызметтегі әйелдердің үлесі 9 пайызға тең, "А" корпусында - 14 пайыз, ал "Б" корпусында - 55 пайыз. Осыған байланысты біздің алдымызда әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне дейін алға бастыру міндеті тұр", - деп мәлімдеді Әбдіқалықова.
Ол сонымен қатар, бес институционалдық реформа бойынша шараларды сапалы жүзеге асырудың Қазақстанды әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіргізуге жол беретінін айтты. Сондай-ақ, Алматы әкімі Бауыржан Байбек мемлекеттік хатшысының позициясымен келісті. Ол әйелдердің еліміздегі бизнес пен саяси саладағы маңызын атап өтті.
"Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, 30 елдің қатарына енген елдерде әйелдердің ролі жоғары. Бүкіл әлемдегі халықтың басым бөлігі - әйелдер. Біз тіпті Шығыс елдерінде әйелдердің ролі туралы мәселенің қайта байыпталғанын көріп отырмыз. Оларда қолдау бар, бизнесте, экономикада және өзге салаларда алға басып келеді. Бұл елдерде расымен де өркендеушілік бар. Олар әйелдердің қоғамның мықты әрі нәтижелі бөлігі екенін түсінді", - деді Байбек.
Айта кетейік, Қазақстанда бір мемлекеттік қызметкерге 170-ке жуық азаматтан келеді. Мәліметтер бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықпен салыстырмалы талдауы Қазақстанда 1,1 пайызға тең екенін көрсетті. Сонымен қатар, бір мемлекеттік қызметкерге 171,6 азаматтан келетіні белгілі болды. 2015 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдай бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 99 318-ге тең. Ал мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы - 39.