Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру ережелері өзгертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру ережелері өзгертілді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру механизмдері жетілдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда мемлекеттік мүлікті жекешелендіру механизмдері жетілдірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда-саттық ережелері қалай өзгерді?

Жоғары аудиторлық палата бұған дейін жекешелендіру жүйесіне аудит жүргізген болатын. Тексеру 2016–2020 және 2021–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелерін қамтып, активтерді сату тетіктеріндегі осал тұстарды анықтады.

Бірінші ұсыным қайта өткізілетін сауда-саттықта бағаны төмендетуден қорғауға қатысты болды. Бұрын бағаны төмендететін аукциондарды өткізу кезінде заңда ең төмен деңгейге шектеу қойылмайтын, бұл мүлікті тым арзан бағамен сату тәуекелін туындатты.

Жоғары аудиторлық палатаның аудиторлары үшінші және кейінгі сауда-саттықта бағаны кепілдік жарна мөлшерінен төмендетпейтін қағиданы заңнамалық түрде бекітуді ұсынды. Нәтижесінде бұл норма заңнамамен бекітілген.

Жабық мәмілелер жүйеден алынып тасталды

Тағы бір өзгеріс стратегиялық инвесторларға тікелей сатуға қатысты болды. Бұрын мүлікті конкурстық рәсімдерсіз өткізуге болатын, бұл процестің ашықтығын төмендететін.

Аудиторлардың ұсынымдары бойынша бұл тетік заңнамадан алып тасталды. Енді жекешелендіру бойынша мәмілелер ашық рәсімдер арқылы жүзеге асырылады.

Нарық үшін не өзгерді?

Жаңартылған қағидалар сауда-саттық үшін қатаңырақ шеңбер белгілейді. Мемлекеттік активтер бағаның күрт төмендеуінен қорғалған, ал мүлікті сатып алу мүмкіндігі нарықтың барлық қатысушылары үшін теңестірілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   555.21   6.47 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер