Қазақстанда миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.

"Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр", - делінген хабарламада.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.

9 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны айтылды.

"Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл аяғына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің кем дегенде 5 миллион гектарын мемлекетке қайтару көзделген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети