26 қыркүйек 2023 13:06

Қазақстанда министрлер, әкімдер мен депутаттардың жалақысы индекстеледі ме?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова министрлер, әкімдер мен парламент депутаттарының жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова министрлер, әкімдер мен парламент депутаттарының жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер Дүйсеновадан жалақыны көтеруге мораторий жарияланғаннан кейін Қазақстандағы жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысын индексациялау туралы сұрады.

Реклама
Реклама

"Әріптестер, 2022 жылдан бастап бірінші кезекте мұғалімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметшілердің және белгілі бір санаттағы азаматтардың жалақысы көтерілетінін білесіздер. Осыған байланысты барлық үкімет мүшелерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен Парламент депутаттарының жалақысы көтерілмейді және индекстелмейді. Олар өздері алған деңгейде қалды", - деп жауап берді Дүйсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram