Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанда министрлер, әкімдер мен депутаттардың жалақысы индекстеледі ме? 26 қыркүйек 2023, 13:06

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова министрлер, әкімдер мен парламент депутаттарының жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, - деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова министрлер, әкімдер мен парламент депутаттарының жалақысына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер Дүйсеновадан жалақыны көтеруге мораторий жарияланғаннан кейін Қазақстандағы жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысын индексациялау туралы сұрады.

"Әріптестер, 2022 жылдан бастап бірінші кезекте мұғалімдердің, дәрігерлердің, мемлекеттік қызметшілердің және белгілі бір санаттағы азаматтардың жалақысы көтерілетінін білесіздер. Осыған байланысты барлық үкімет мүшелерінің, мемлекеттік қызметкерлер мен Парламент депутаттарының жалақысы көтерілмейді және индекстелмейді. Олар өздері алған деңгейде қалды", - деп жауап берді Дүйсенова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram