2022 жылдан бастап "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Учет.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің қорға төлейтін жарналары аударымдарды есептеу нысанының 3 пайызы мөлшерінде белгіленді.
Жұмыс берушілер қызметкерге жалақысының 3 пайызын төлейді, бірақ 10 жалақыдан аспайтындай, яғни 18 мың теңгеден аспауы керек.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттары бойынша табыс алатындар, табысының 2 пайызын төлейді, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға - ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге.
Сонымен қатар, 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен салымдар көрсеткіші бұрынғы деңгейде - 2 пайыз.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап қорға төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары ұлғаяды: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы.
Бұған дейін Қазақстанда құжат жасату құны өзгергені хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!