Қазақстанда мұнай және тау-кен өндіруші компанияларға салынатын салық өсуі мүмкін

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мұнай және тау-кен өндіруші компанияларға салынатын салық өсуі мүмкін Фото ©REUTERS

Сенатор Дәурен Әділбеков бюджет кірісін арттыру үшін мұнай және тау-кен өндіруші компанияларға салынатын салықты өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Дәурен Әділбеков бюджет кірісін арттыру үшін мұнай және тау-кен өндіруші компанияларға салынатын салықты өсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бюджет кірісін ұлғайту жолдарының бірі мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын компанияларға салынатын салық мөлшерін өсіру. Қазір олардың салық жүктемесі 8-9 пайыздан аспайды. Ал бұл іс жүзінде шикізаттық емес секторда жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жүктемесімен тең", - дедi депутат премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, қазір тау-кен металлургия саласындағы жағдай дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралды, соңғы бір жылда алтын бағасы 40,6 пайызға, күміс 71 пайызға, темір рудасы 110 пайызға, ал мыс 3,1 пайызға қымбаттады.

"Тау-кен өндіру секторының жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық жүктемесін арттыру пайдалы қазбаларды өндіру салығының, яғни биржалық айналымдағы қатты пайдалы қазбаларға ставкаларын шамамен 1,5-2 есеге арттыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шара 200 миллиард теңгеден астам салықтан түсетін қосымша түсімдерді арттырады", - деді сенатор.

Сондай-ақ ол 2017-2018 жылдары тау-кен-металлургия саласында ресми деректер бойынша шетелде жалпы сомасы үш триллион теңгеге жуық дивидендтер төленгенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан шетелдіктерді еліміздегі пайдалы қазбаларды өндіруден алған дивидендтерінің бір бөлігіне салық төлеуге міндеттемейді.

"Қазақстан ратификациялаған барлық конвенциялардың ережелері резидент еместерге дивидендтік кірісті төлеу кезінде Қазақстан үшін салық салуға артықшылық беру құқығын қарастырады. Дивиденд түріндегі табысқа 10-15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуды орынды деп санаймыз", - деді Дәурен Әділбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети