Қазақстанда мұнай өндіру көлемі азайды. Себептері аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мұнай өндіру көлемі азайды. Себептері аталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өндіру көлемдері жоспарланғаннан төмен болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мұнай өндіру көлемдері жоспарланғаннан төмен болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр бұл жағдайдың себептерін атады.

"10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 73,5 миллион тонна болды. Биылға арналған өндіріс болжамы – 88,4 миллион тонна. Өндірістің жоспармен салыстырғанда төмендеуі Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындарында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты", – деді Сәтқалиев Мәжілістегі үкімет сағатында.

Сонымен қатар, шенеуніктің айтуынша, өндірістің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнында жоспардан тыс тоқтаулар және Орынбор газ өңдеу зауытының газ қабылдаудағы шектеулері әсер еткен.

"Өндіру деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі шеңберіндегі міндеттемелерді орындау да әсер етеді. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қатысады. Қазақстан үшін, басқа елдер сияқты, 2024 жылға белгілі бір міндеттемелер қойылған. Келісім шарттарын орындау әлемдік мұнай нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін қажет", – деп еске салды министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети