Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақшолақов жанар-жағармай нарығын реформалау мақсатында мұнай өнімдерін өндіру мен таратуда ашықтықты қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты.
"Бүгінде мұнай жеткізушілер мұнай өнімдерін түпкілікті сатушылар мен көтерме жеткізушілерге сатады. Сонымен қатар, тек меншік құқығында мұнай базаларына иелік ететін тұлғалар ғана емес, сонымен қатар жалға алу құқығында мұнай базалары бар тұлғалар да көтерме жеткізушілер ретінде әрекет етеді. Осыған байланысты мұнай өнімдерін өткізу кезінде өнімсіз делдалдарды алып тастауды көздейтін түзетулер әзірленді", - деді министр.
Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін автомобильмен әкетуге тыйым салуды алты айға ұзарту туралы бұйрық қабылданады деген жоспар бар. Мұнай базалары, министрдің айтуынша, бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталады.
Ол вице-министр Әсет Мағауовқа белгіленген жоспарлардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Ақшолақов Қазақстанда мұнайды экспорттау және ішкі нарыққа жеткізу үшін әртараптандырылған тасымалдау жүйесі бар екенін атап өтті. Қазақстан мұнайының экспорты келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Каспий құбыр консорциумының мұнай құбыры; "Атырау–Самара" мұнай құбыры; "Атасу–Алашаңқай" мұнай құбыры; Ақтау теңіз порты; теміржол арқылы. Ақшолақовтың айтуынша, бүгінде мұнай экспортына ешқандай шектеулер жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!