11 сәуір 2022 | 12:56

Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе?

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов ОКҚ брифингінде айтты. 

"Нан туралы сөз қозғағанымызда оның екі түрі барын ескерейік: біріншісі - әлеуметтік нан. Оның бағасы мемлекет тарапынан бекітіліп, мониторинг жасалады. Яғни әлеуметтік нан дегеніміз - бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын қалыпты нан. Оған ерекше назар аудару керек. Оның бағасы өңірлерде тұрақты. Бағасы өзгермейді. Егер ұн өндірістерінде тапшылық не басқа да қымбаттау болса, бұл жағдайда субсидиялау бойынша бағдарлама іске қосылады. Өңірлерде нанды қазіргі баға бойынша өндіру белгіленеді. Айырмашылығы мемлекет тарапынан субсидиялау бойынша төленеді. Яғни әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ", - деді Сұлтанов ОКҚ брифингінде. 

Азат Сұлтанов басқа нан өнімдері - круасан, багет және тағы басқасының бағасы шикізат бағасына қарай белгіленетінін атап өтті. 

"Бірақ тағы қайталап өтейін әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ", - деді Сұлтанов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети