Қазақстанда нан қымбаттай ма? Министр жауап берді

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда нан қымбаттай ма? Министр жауап берді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бидай бағасы өсіп жатыр, енді нан қымбаттай ма? Қазақстанда ұн тапшылығы бола ма"- деп сұрады журналистер Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Қарашөкеев бидайдың әлемдік бағасы өсіп келе жатқанын жоққа шығармады.

"Елде бидай қорын "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" қалыптастырды. Біз қазір нан бағасын ұстап қалу үшін өңірлерге арзандатылған астық жеткізуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне негіз жоқ, болмайды да. Себебі ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін біздің мүмкіндігіміз жеткілікті", - деп жауап берді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети