Қазақстанда нан өндірісі төмендеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда нан өндірісі төмендеді. 2021 жылғы қаңтардан қарашаға дейін елде бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8 пайызға аз нан өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда нан өндірісі төмендеді. 2021 жылғы қаңтардан қарашаға дейін елде бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,8 пайызға аз нан өндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар 2021 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін елде 483,6 мың тонна нан өндірілгенін, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 15 пайызға аз екенін айтты. Ең көп нан Түркістан облысында өндірілген: 119,8 мың тонна. Жетекші үштікке Алматы (56,8 мың тонна) және Ақтөбе облысы (46,6 мың тонна) кіреді. Талдауда 2020 жылы нан өндірісі 4,2 пайызға төмендегені және бұл бесінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқаны көрсетілген.

2021 жылдың желтоқсанында нан бағасы бір жылда 7,4 пайызға және бір айда 0,4 пайызға өсті. Оның ішінде қара бидай наны жылына 11,6 пайызға, жоғары сұрыпты бидай наны - 7,4 пайызға, бірінші сұрыпты ұннан - 6,9 пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында бір жыл ішінде нан Нұр-Сұлтан (19,3 пайыз), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан (14 пайыз) және Ақмола (12,8 пайыз) облыстарында қымбаттаған. Ірі қалалар ішінде ең қымбат нан елордада, жоғары сұрыпты ұннан жасалған ең арзан бидай наны - Ақтөбеде.

2021 жылдың үшінші тоқсанында бір адамға нан тұтыну бірінші сұрыпты ұннан 8,5 килограмм бидай наны, 700 грамм қара бидай және қара бидай наны болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro