28 ақпан 2020 | 14:11

Қазақстанда Наурызды 9 күн тойлау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы © Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Сарапшылар Қазақстанда Наурыз мейрамын тоғыз күн бойы атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар Қазақстанда Наурыз мейрамын тоғыз күн бойы атап өтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты жанындағы "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі Жанар Бұқанова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Наурыз мерекесін өткізудің жаңа тәсілдері туралы айтты. 

"Бұл тек қазақстандық емес, халықаралық ерекше мейрам. Наурызды тойлауда терең тарихи, тарихи-мәдени мән жатыр, бұл рухани құндылықтарды жаңғырту. Сонымен қатар, ол қоғамдық маңызды рөл атқарады", - деді ол.

Жанар Бұқанова отбасы құндылықтары мен отбасы институтын нығайтуға бағытталған "Наурыз Шапағаты" атты тойлау тұжырымдамасын ұсынды.

Сарапшылар 14-22 наурыз аралығында 9 күндік іс-шаралар циклін өткізуді ұсынды, оның алтауы - дайындық:

14 наурыз - Көрісу (Амал) күні;
15 наурыз - Шежіре күні;
16 наурыз - Жайлау күні;
17 наурыз - Еріктілердің қатысуымен игі істер күні/дархандық күні;
18 наурыз - Шымырлық пен шеберлік күні;
19 наурыз - Зияткерлік күні;
20 наурыз - Жоралғы күні;
21 наурыз - Ұлттық тағамдар күні;
22 наурыз - Бұқара күні.

Көрісу мерекесіне ресми мәртебе беру ұсынылды.

"Наурыз сыйлық - тоғыз күні ішінде табыстауға болатын сыйлықтар. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі киімін киюді ұсынамыз. Қазіргі уақытта Батыста кеңінен танымал біздің модельерлер мен неофолк, дәстүрлі киім-кешектеріміз Батыста өте танымал. Менің ойымша, бұл киімді күнделікті өмірде де киюге болады", - деді "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети