Қазақстанда некеге мәжбүрлеуге қылмыстық жаза қарастырылатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда некеге мәжбүрлеуге қылмыстық жаза қарастырылатын болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда неке құруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда неке құруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Әбеновтің айтуынша, кейінгі үш жылда Қазақстанда некеге мәжбүрлеу бойынша 214 шағым тіркелген. Алайда олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған қылмыстық істер жабылып қалған.

"Қыз ұрлап әкеткенін, көліктен секіріп түскенін, оған күш қолданылғанын дәлелдесе де, ештеңе істей алмады", – деді Әбенов Мәжіліс кулуарында.

Депутаттар ұсынысы

Парламент депутаттары жақын арада Мәжілісте қаралатын түзетулер әзірледі. Олар Қазақстанда "қалыңдық ұрлау" үшін жаза енгізуді ұсынады. Бұл ресми түрде "некеге мәжбүрлеу" деп аталатын болады.

"Біз түзетуді дұрыс атадық және барлық жағдайды қарастырып жатырмыз. Толығырақ нақтыланады, бірақ онда елеулі айыппұл болады. Әкімшілік жауапкершілік бар, ал егер қыз 18 жасқа толмаған болса, немесе күш қолданылған жағдайда, не бір топ адам қатысқан болса – онда қатаң жауапкершілік болады, тіпті 5–7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", – деді депутат.

Оның айтуынша, бұл норма жыл аяғына дейін күшіне енуі мүмкін.

Еске салайық, 2024 жылдың ақпан айында Мұрат Әбенов қалыңдық ұрлау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу бастамасын көтерген болатын. Ол кезде 3–5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы туралы сөз болған.

2024 жылдың ақпанында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Шымкентте қыз ұрлау дерегіне қатысты резонансты оқиғаға пікір білдірген еді. Ол мәжбүрлі некеге тұрған қыздар көбінесе серіктестері тарапынан жыныстық, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналатынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети