Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваға Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс отырысынан кейін Әбілқасымоваға әлеуметтік желілердегі "несиелік рақымшылық" туралы хабарламаларға қатысты сұрақ қойылды.
Оның айтуынша, видео таралғаннан кейін үш күн ішінде агенттікке 18 мыңға жуық өтініш түскен.
"Оның ішінде борышты қайта бөлу, борышты есептен шығару туралы. Біз барлық өтінішті қабылдадық, өңдедік, қарау үшін қаржы ұйымдарына жібердік. Бірнеше рет кездесіп, қабылдау өткіздік. Бұл кейінгі күндері ғана емес, бірнеше апта бұрын да адамдар келді. Мамай тағы да жалған ақпарат берді", - деп жауап берді ол.
Оның айтуынша, бүгінде несиелік рақымшылық жасау мүмкіндігі қарастырылмайды.
"2019 жылы бір реттік акция болды. Қазақстандықтардың қарызын азайту үшін жасалған шара. 2021 жылғы мамырда жаңа заң қабылданды, оны өзіміз әзірледік, қабылдадық, 1 қазаннан бастап азаматтардың проблемалық берешегін соталды міндетті реттеудің жаңа тәртібін іске қостық. Яғни банктер, микроқаржы ұйымдары азаматтың өтінішін қарауға, оның қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда қайта бөлу немесе әртүрлі жолды ұсынуға міндетті", - деді Әбілқасымова.
Оның айтуынша, егер қаржылық жағдайдың нашарлау белгілері болса, қаржы ұйымдары несие беру кезінде төлем қабілеттілігін бағалауы керек.
"Ары қарай, егер олар төлем қабілеті нашарлағанын көрсе, кейінге қалдыруды ұсынады, мүмкін пайызды азайтады, айыппұлдар мен өсімпұлдар есептен шығарылады. Өткен аптада түскен барлық өтінішті, бұған дейінгілерін де міндетті түрде банктерге жібереміз, олар жеке-жеке қарайды және шешім қабылдайды", - деп қосты ол.
Әбілқасымова кредиттік рақымшылық мәселесі тек мемлекеттік ақша есебінен, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешілуі мүмкін екенін еске салды.
"Сіз банкте жеке тұлғалардың 12 триллион теңге депозиті бар екенін түсінесіз, олар бойынша банктер қызмет көрсетуге тиіс, олар бойынша пайызды төлейді. Қандай да бір кредитті есептен шығарған жағдайда, тиісінше қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығы табиғи түрде бұзылады", - деп түйіндеді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!