Қазақстанда оқушыларды ұрып-соғу видеолары бұғатталады

15 Ақпан, 11:56
0
Қазақстанда оқушыларды ұрып-соғу видеолары бұғатталады -

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық оқушылардың ұрып-соғу оқиғалары түсірілген видеолардың Желіден дереу өшірілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Психологтар мен мұғалімдер тікелей байланыс орнатты. Бұл психологтар Facebook желісінде тарап жүрген негативті тауып, Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірге Facebook, YouTube және тағы сол сияқты желілерге  өшіру туралы өтініш береді. Психологтар немесе мұғалімнен министрлікке дейін мәселені жеткізу уаыты екі апта, біз бұл уақытта бір сағатқа дейін қысқартқымы келеді. Бірден көргенін қалаймыз. Қазір біз осындай видеолар Қазнетте екі апталап таралып жүрмеуі үшін АКМ-мен осындай шешімге келіп отырмыз. Бірден өшірту керек", - деді Сағадиев ведомство алқасының отырысында.

Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа осындай бастамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай