Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда олигархтардан тәркіленген әшекейлер аукционда сатылды Фото: e-auction.e-qazyna.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) E-Qazyna электрон платформасында бес әшекей бұйымды сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) E-Qazyna электрон платформасында бес әшекей бұйымды сатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукцион форматындағы сауда 23 сәуірде өтті.

Сатылымға Cartier Love білезігі мен сақинасы, зүбаржат тасы бар сырға, аквамарин тасы бар сақина, гауһар тасы бар алтын сақина және інжу мен гауһар тасты сырғалар қойылған.

"Сатылған активтердің жалпы сомасы 5 425 246 теңге болды", – делінген хабарламада.

Бұл әшекейлер қайдан алынған?

Бұл әшекейлер заңсыз байыды және қаражатты шетелге шығарды деген күдікке ілінген адамдардан тәркіленген. Есімдері аталмайды, бірақ бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлер болуы мүмкін.

Мұндай заттарды сатумен 2023 жылы арнайы құрылған Қайтарылған активтерді басқару компаниясы (ҚАБК) айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети