13 қазан 2021 11:39

Қазақстанда өлім жазасы алып тасталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте өлім жазасын алып тастайтын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алайда құжатта ескертулер қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілісте өлім жазасын алып тастайтын заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Алайда құжатта ескертулер қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2003 жылы желтоқсанда Президент өлім жазасын толығымен жою туралы шешім қабылдағанға дейін мерзімсіз мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Өлім жазасын жоюға бағытталған негізгі факторлардың бірі - Қазақстан сол жылы 2 қаңтарда ратификациялаған екінші Факультативтік хаттама.

"Хаттама өлім жазасын жою үшін қажетті шаралар қабылдауға міндеттейді, бірақ ескерту жасалған жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Қазақстан осыны пайдаланып, ратификациялау кезінде тиісті ескерту жасады. Ескертуге сәйкес Қазақстан сотталушыны соғыс кезінде жасалған аса ауыр әскери сипаттағы қылмысы үшін кінәлі деп тапқаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады", - деп хабарлады Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.

Оның айтуынша, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13-бабынан алып тасталады.

"Өлім жазасын Қылмыстық кодекстің төрт бабында ғана қалдыру ұсынылады. Атап айтқанда, соғыс қимылдарымен байланысты және соғыс уақытында жасалатын бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы ең ауыр қылмыстар үшін қалады. Оларға қолданыстағы Қылмыстық кодекске сәйкес басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу, жаппай қырып-жою қаруын қолдану, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу, сондай-ақ, соғыс кезінде жасалған геноцид жатады", - деп атап өтті Шындалиев.

Бұл - өлім жазасын қолданудың рұқсат етілген шектерін көрсететін халықаралық актілерде айтылған адамгершілікке жатпайтын әрекеттер.

Мәжіліс депутаты Артур Платонов өлім жазасын алып тастау қазақстандықтардың қауіпсіздігіне әсер етпей ме деп сұрады.

"Әлемде болып жатқан оқиғалар терроризмнің шегі жоқ екенін және халықаралық сипатқа ие болғанын көрсетеді. Бұл - күллі әлемнің ең басты қауіптерінің бірі. Ауғанстанда және басқа да елдерде не болып жатқанын көріп отырмыз", - деп нақтылады ол.

Шындалиев террористі өлім жазасымен тоқтату мүмкін емес екенін айтты.

"Террорист лаңкестік әрекетке барған кезде, ең алдымен, өз өмірін қатерге тігетінін білеміз. Сондықтан мемлекет Қазақстанда осындай әрекеттерге жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдап жатыр. Бізде экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөнінде арнайы бағдарлама қабылданды, онда бірінші кезекте осындай әрекеттердің алдын алу үшін әлеуметтік мәселелерді шешу, түсіндіру жұмыстары жолға қойылды.

Сіз айтқан қылмыстар бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру сияқты жаза түрі сақталады, бұл да өте ауыр жаза, оның қылмысы кешірілмесе ғана, бас бостандығынан айырылады", - деді Шындалиев.

Оның айтуынша, өлім жазасы қылмысқа әсер етпейді.

Президент "Өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға 2 қаңтарда қол қойды.

Сонымен бірге, 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий енгізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын Конституцияға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ деп мәлімдеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети