Қазақстанда өлім жазасы мүлде жойылады - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда өлім жазасы мүлде жойылады - Тоқаев Фото: elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президентінің төрағалығымен реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Мемлекет басшысы "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети