05 ақпан 2021 | 15:57

Қазақстанда өнеркәсіптік саясат жөніндегі комиссия құру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліске "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасын ұсынды. Заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліске "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасын ұсынды. Заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов заң жобасын таныстыра отырып "Өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары" өнеркәсіптік саясатты іске асыру үшін институционалдық негізді және мемлекеттік ынталандыру шараларын реттейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, институционалдық жағдайлар бірінші кезекте өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды ведомствоаралық тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуге негізделеді.

"Бүгінде өнеркәсіпке байланысты функциялар түрлі ведомство бойынша бөлінген. Өнеркәсіптік саясатты тиісті үйлестіруді қамтамасыз ету үшін негізгі заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделеді, оны премьер-министрдің орынбасары басқаратын болады, ал оның мүшелері - мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар", - деді Ержанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети