07 сәуір 2021 13:21

Қазақстанда онлайн аударымдар екі түрге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов кәсіпкерлерге онлайн ақша аударымы үшін салынатын салық туралы норманың сәйкессіздігі туралы айтқан болатын. Қаржы министрлігінде айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов кәсіпкерлерге онлайн ақша аударымы үшін салынатын салық туралы норманың сәйкессіздігі туралы айтқан болатын. Қаржы министрлігінде айыптауларға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік банк қызметін нақты айналымдарды жасыруға және көлеңкелі бизнесті дамуытуға ықпал ететін құрал ретінде пайдаланып жатқанын айтты. Ал банк шартының талаптарына сәйкес клиент есепшот пен картаны кәсіпкерлік қызметтін жүзеге асыру мақсатында пайдалана алмайды.

"Мемлекет тарапынан бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Шамамен 1,2 миллион микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға табысынан салық төлеуден босатылған және тексеруге үш жылдық мораторий жарияланды. Бұл ретте мораторий кезеңінде кәсіпкерлер тарапынан барлық қолданыстағы заңнамалық норманы адал орындау күтіледі", - деп еске салды ведомство өкілі.

Бұл саланы заңнамалық тұрғыдан реттеу үшін Қаржы министрлігі онлайн аударымдарды жеке және кәсіпкерлік аударымдарға бөлуді және кәсіпкерлік үшін жеке есепшот пайдалануды ұсынды. Бұдан басқа, ведомство "онлайн төлемдер" ұғымын айқындауды және кәсіпкерлік қызметке арналмаған есепшоттарды пайдалана отырып, табыс алу белгілерін айқындайтын жүйені әзірлеуді жоспарлап отыр.

Бұл салықтың жаңа түрі енгізіледі дегенді білдірмейді.

Сондай-ақ, Қаржы министрлігі кәсіпкерді жауапқа тартпас бұрын дәлелдер жиналатынын айтты.

"Мысалы, сауда нысанының сөресінде аударым қабылдау туралы ақпараттың болуы және телефон нөмірін көрсету, тұтынушылар тарапынан түсетін шағымдардың болуы, ұзақ уақыт бойы кассалық тәртіпті бұзу, Мемлекеттік кірістер органдарының талаптары мен ұсынымдарын бірнеше рет елемеу", - деді Қаржы министрлігінде.

Депутат Раманқұлов жаңа норма қаржы секторындағы цифрландыру беделін түсіретінін және бөлшек сауданы қолма-қол ақшаға оралуға мәжбүр ететінін айтты.

Алайда министрлік банктер өзгерістер енгізуге келіскенін түсіндірді.

"Мысалы, Kaspi Bank жеке кәсіпкерлерге арналған Kaspi Pay мобильді қосымшасын әзірледі. Онда сатып алушылар төлемді қолданыстағы Kaspi қосымшасы арқылы QR-кодын сканерлеу арқылы жүргізеді. Былтырғы қыркүйектен бері 2021 жылдың 30 наурызына дейін белсенді серіктестер саны 62 мың кәсіпкер болған. Биыл бір айда 11 мыңнан аса жеке кәсіпкер қосылды. Транзакция көлемі 65 миллиард теңге болды және аптасына 15 миллиард теңгеден асады", - деді министрлікте.

Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, түзетулер жеке тұлғалардың жеке аударымдарына әсер етпейді.

Еске салайық, бірінші вице-премьер Әлихан Смайылов салық төлеуге міндетті барлық кәсіпкердің қызметін бақылауды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети