Қазақстанда онлайн-несиелер жаңа әдіспен беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда онлайн-несиелер жаңа әдіспен беріледі Фото:depositphotos.com

Сенат депутаттары заңға несие беру кезіндегі тәуекелді азайтуды реттейтін түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаттары заңға несие беру кезіндегі тәуекелді азайтуды реттейтін түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурызда Мәжіліс қабылдаған несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру туралы заңда міндетті шарт – қазақстандықтардың биометриялық деректерін пайдалануды енгізу көзделген.

Заңды қарағаннан кейін сенаторлар түсініктеме берді: жаңа норма тек жеке тұлғаларға қатысты болады. Осылайша, онлайн несие алу үшін қазақстандықтар биометриялық мәліметтерді – бет пен көз торын сканерлеу керек.

"Заңды тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру мүмкін емес болғандықтан, биометриялық сәйкестендірусіз электрон банк несиесін беруге заңды тыйым салуды тек жеке тұлғаларға ғана тарату ұсынылып отыр", - деді депутат Сергей Карплюк Сенаттың жалпы отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 512.04  course up  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети