Қазақстанда онлайн университеттер құрылады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда онлайн университеттер құрылады

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат - онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады", - деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, ол "Болашақ" бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" білім беру бағдарламасының бағыты өзгеретінін мәлімдеген.

"Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, оның ішінде Ресейге, мүмкін ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз", - деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети